Главная MP3 Гостевая Книга
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » ..::: HIP-HOP ZONE \\ ХИП-ХОП ЗОНА :::.. » Қазақстандық Рэп\\РЭП В КАЗАХСТАНЕ » YOUrist CENtre PRODUCTIONS - The Kazakh Label
YOUrist CENtre PRODUCTIONS - The Kazakh Label
PRIMUSNYAKДата: Пятница, 06.08.2010, 15:11 | Сообщение # 1
Человек
Группа: АдМиНиСТрАтОр
Сообщений: 73
Репутация: 0
Статус:
YOUrist CENtre Productions - еліміздегі көптеген талантты жастарды біріктірген
хип-хоп ұйым болып саналады. Ұйымның құрылу себебі ол Қазақстанда
рэп өнері мен хип-хоп дәстүріне продюсерлік көмектің жоқтығынан.
Осыған орай Астана қаласының қазақша рэп орындаушысы ШоХан Әбішев
талантты жастардың өнерлерін жарыққа шығаруға мақсат қойып ұйымды ұйымдастырды
. Және де еліміздің солтүстік аймақтарында қазақ тілінің ұмыт болып жатқанына
баршамыз да куәгерміз. Қазақ тілінде рэп айтып жүрген ШоХан, ана тілімізге жастарды
рэп арқылы да қызықтыруға болады дейді. Өйткені қазіргі жастардың тыңдайтын әуендері
көбінесе Еуропа мен Америкалық рэп, ал егер біздің жастар сол тыңдап жүрген
рэптерін өздерінің тілдерінде естігенде, таңданып, қызыға бастайды. Бұл байқалуда.
Әрине, сол шетелдік рэптен біздің жастардың назарын өзімізге бұру үшін рэпімізді
жақсы меңгере алатын талантты адамдар қажетті. Сол талантты жастарды таңдап отырып
ШоХан үлкен бір ұйымды іске қосты. 2008 жылы жаздың соңына таман
ұйымға жастар тартыла бастады. Солардың ішінде ұйымдағы орындаушылар: Трике, Динара,
Drive, Pavel, Yerbol, Nimble, Меда, Primus есімді жас таланттар бар.
Тек қана Астана қаласында емес басқа да қалаларда ұйымның мүшелері бар. Олардың есімдері:
URIK_URKAN (Атырау), Аян (Ақтау), Ақылбек (Ақтау), Бекарыс (Ақтөбе),
Фирет (Екібастұз), Young Kings тобы (Павлодар).
Продакшэнның қоржынында көптеген дипломдар мен алғыс қаттары бар.
2007 жылы Шохан мен Абдула бірігіп, бірінші бейнеклип түсірді. Туындының аты
"Астана Жастары" деп аталады. 2009 жылы ШоХан мен Абдула
Бішкек қаласында өткізілген "Connection Pro" фестивалінің қонақтары болды.
2010 жылдың басында ШоХан "Қазіргі Заман" атты альбомын жарыққа шығарады
Және де "YOUrist CENtre Productions" көптеген концерттерге қатысып, еліміздің қалаларын таныған.
2010 жылы Шохан және Павел "Дежавю" атты жаңа рэп туындыға бейнеклип түсірді.
Кейіннен "YOUrist CENtre Productions" мүшелері Drive, Pavel, Динара және ШоХан "Номад" тобының
MAD_D есімді рэп орындаушысымен бірігіп, "Менің үйім Қазақстан" атты рэп туындыға да бейнеклип түсірді.
Қазіргі кезде біздің продакшэн тоқтамай жұмыс жасап жатыр, олардың ұраны
"біріккен жеңеді, ал бөлінгенді бөрі де жемейді :)"

Официальный сайт Y.C.Pro: http://rapstar.kz/


 
Форум » ..::: HIP-HOP ZONE \\ ХИП-ХОП ЗОНА :::.. » Қазақстандық Рэп\\РЭП В КАЗАХСТАНЕ » YOUrist CENtre PRODUCTIONS - The Kazakh Label
Страница 1 из 11
Поиск: